Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға өтті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Ерлер арасындағы су добы сайыстарының ширек финалдық ойындары аяқталды.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 27:11 есебімен сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға шықты.

Енді отандастарымыз келесі ойынын ертең, Қытай құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия біріншілігінің жартылай финалына өтті.