Су добынан қыздарымыз Өзбекстаннан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы бесінші ойында Өзбекстан командасын жеңді.
Су добынан ертең отандастарымыз шешуші кездесуде Таиландпен бақ санасады.
Турнир кестесінде командамыз Жапония (15) мен Таиландтан (12) кейін 9 ұпаймен 3-орында келеді.
Су добы. Қыздар. 5-ойын
Қазақстан - Өзбекстан 16:9 (6:1, 2:1, 3:1, 5:6)
Голдар: Ангелина Лемачко – 4, Алина Озкая, Дарина Сембек, Яна Мартынова, Ариадна Затыльникова – 2, Анфиса Журавлева, Анеля Алтыбасарова, Юлия Дружинина, Василиса Антропова –1.
Естеріңізге сала кетейік, кеше қыздарымыз Қытай құрамасынан 9:14 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Сонымен қатар ұлдар құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Малайзияны ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты.