Су добы: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниядан сүрінді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында ерлер құрамалары алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған біздіңжігіттер де қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі.Қарсыластары - АҚШ, Хорватия және Австралия құрамалары. Біздің ватерполшыларбүгін алғашқы кездесуін Испанияға қарсы өткізді. Ойында испандар 16:7 есебіменжеңіске жетті. Енді біздің жігіттер 17 шілдеде Австралиямен шеберлік байқасады.Австралия бүгін Хорватиядан 4:14 есебімен сүрінді.

Жігіттер әлем чемпионатында 7 мәрте бақ сынапжатыр. Әзірге ең жоғары жетістігі ретінде 1998 жылы 11 орын алғаны саналыпотыр.

Естеріңізге сала кетелік, кеше 14 шілдеде су добынан Қазақстан қыздар құрамасы Кубадан 9:6есебімен басым түсті .Енді олар 16 шілдеде Испаниямен ойнайды. Қазақстандық қыздар әлем чемпионатынаалтыншы мәрте қатысып жатыр. Олар 2001 жылы сегізінші орын алды. Бүгінгі күнгедейін одан жоғары жетістікке жеткен жоқ.

Айта кетсек, 12 шілдеде Оңтүстік КореяныңКванджу қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі дода28 шілдеге дейін созылады. Әлем чемпионатында суға секіру, хай-дайвинг, ашық суайдынындағы суға жүзу, суға жүзу, синхронды жүзу, су добынан жарыстарөткізіледі.