Су добы: Қазақстан қыздары әлем чемпионатында Испаниядан жеңілді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы екінші кездесуінде Испаниядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испания - судобынан әлемдегі үздік құрамалардың бірі. Олар 2013 жылы чемпиондық тұғырғакөтерілсе, 2017 жылы күміс жүлдегер атанды. Қазақстан қыздары испандарменкездесуде 6:18 есебімен жеңіліп қалды. Біздің құрама сынға түсетін С тобындағытағы бір кездесуде Грекия Кубаны 20:4 есебімен тізе бүктірді.

Естеріңізге салакетелік, біздің қыздар 14 шілдеде Кубадан 9:6 есебімен басым түскен болатын.Енді олар 18 шілдеде Грекиямен шеберлік байқасады. Аталмыш кездесуде жеңіскежеткен құрама өз тобында екінші орын алады. Нәтижесінде жарысты жалғастырумүмкіндігіне қол жеткізеді.

Қазақстандыққыздар әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысып жатыр. Олар 2001 жылы сегізіншіорын алды. Бүгінгі күнге дейін одан жоғары жетістікке жеткен жоқ.

Қазақстан ерлерқұрамасы 15 шілдеде АҚШ-тан 7:16 есебімен жеңіліп қалды.Енді олар 17 шілдеде Австралиямен кездеседі.

Айта кетсек, 12шілдеде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлерінен әлемчемпионаты басталды. Дүбірлі дода 28 шілдеге дейін созылады. Әлем чемпионатындасуға секіру, хай-дайвинг, ашық су айдынындағы суға жүзу, суға жүзу, синхрондыжүзу, су добынан жарыстар өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар