НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы екінші кездесуінде Аустралиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, ерлер құрамасы В тобында сынғатүсіп жатыр. Қарсыластары - АҚШ, Хорватия және Аустралия құрамалары.
Бүгінгі күнге дейін олар испан ватерполшыларынан 7:16есебімен жеңіліп қалған еді .Жігіттер әлем чемпионатында 7 мәрте бақ сынап жатыр. Әзірге ең жоғары жетістігіретінде 1998 жылы 11 орын алғаны саналады. Енді біздің жігіттер 19 шілдеде 19шілдеде Хорватиямен кездеседі. Бүгін В тобындағы тағы бір кездесуде ХорватияАҚШ-ты 17:7 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасыда екі кездесу өткізіп үлгерді. Қыздар алдымен Кубадан 9:6 есебімен басым түсіп,одан кейін Испаниядан 8:16 есебімен жеңіліп қалды.Енді қыздар 18 шілдеде Грекиямен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.