Атап айтсақ, Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина жұбы биіктіктен суға синхронды секіру сайысында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз 178.41 ұпай еншіледі.
Бұл аталған спортшыларымыздың Сары құрлық додасындағы алғашқы жүлдесі емес. Кеше, жарыстың алғашқы күні қос спортшымыз 3 метрлік тұғырдан секіруде күміс медаль жеңіп алған болатын.
Биіктіктен суға синхронды секіру сайысында екінші орынды Индонезия (174.54 ұпай) спортшылары иеленсе, үшінші орынды еншілеген Гонконгтан келген спортшылар қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы 11 жүлде жеңіп алғанын жазған болатынбыз.