Су тасқыны: Батыс Қазақстанда 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Фото: Фото: СҚО білім басқармасы

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында су басу қаупі төнген жерлерден барлығы 13 068 адам эвакуацияланды.

ҚР ТЖМ жедел штабынан түскен мәліметке қарағанда, соның 19-ы – мүгедектер, 5 472-сі – балалар. 11 249 адам туысқандарының үйіне кетсе, 1 819-ы (877-сі – балалар) эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр.

Облыс бойынша су шайған 63 жол бақылауда. Күні бүгінге дейін 9 елді мекен қатынассыз қалып отыр. 830 саяжай үйі суға кетті.

Батыс Қазақстанда 4 886 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. 2 402 мал өлімі тіркелді.

«Өңірде тікұшақтармен - 31 мың, автокөлікпен – 60 мың, теміржол көлігімен 134 мың кг гуманитарлық жүк жеткізілді. ТЖ және әкімдіктер күштерімен 1 млн 20 мыңнан астам текше метр су сорылып, 423 мыңнан астам қап төселіп, 3 219 мың тонна инертті материал әзірленді. Апаттық-құтқару жұмыстарына 5 271 адам, 825 техника, 7 су соратын мотопомпа, 14 жүзу құралы, 2 тікұшақ тартылды» деп хабарлады ведомстводан.

Фото: БҚО ТЖД
Фото: БҚО ТЖД
Фото: БҚО ТЖД

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда зообақтағы жануарлар мен құстардың қауіпсіз жерге көшірілгенін жазған болатынбыз.