«Көмекке жалпы саны 800-ге жуық адам жүгінді. Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, сондай-ақ ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізіп жатыр. Жедел желі телефонына 2 258 қоңырау түсті», - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Осы уақытқа дейін республика бойынша 41 195 адам өз үйлеріне оралды. 6 377 адам эвакуациялау пункттерін паналап отыр.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.