«Енді, дәл қазір Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Ақмола облыстары ерекше бақылауға алынды. Мәселен, Ақмола облысында Атбасарды бәріміз жақсы білеміз. Біз ол жақта қосымша оқу-жаттығуларды өткіздік. Ал әкімдік жергілікті және республикалық бюджеттің есебінен xалықты қауіпсіз жерге көшіру бағдарламасын іске асырып жатыр. Мәселен, осы уақытқа дейін 400-ден астам үйдің иелері жаңа пәтерге көшті. Бағдарлама аясында 11 көпқабатты үй салынды. Осы саладағы жұмыстар биыл да, келесі жылы да жалғасады. Меніңше, келесі жылы Атбасардың мәселесі толығымен шешіледі», - деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, бүгін «Қазгидромет» РМК-сы да су тасқынына қатысты болжамды жариялады. Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде бірқатар облыстарда су көлемі артығымен жиналып қалды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында Нұра мен Кеңгір өзендерінде, Ақмола облысында Есіл мен Шағалыда, Солтүстік Қазақсанда Есіл өзенінде, Қостанай облысында Тоғызақ пен Торғайда, Ақтөбе облысында Қосістекте, сондай-ақ, Батыс Қазақстанда Утва, Чижа-2, Дерқұл мен Шаған өзендерінде судың нормасы 120-170 процентке артық болып тұр.
«Әсіресе, Батыс Қазақстан ерекше бақылауға алынды. Ол жақта судың жиналу көлемі нормадан екі есеге артық, ал өткен екі жылмен салыстырғанда екі-үш есеге көп болып тұр», - дейді М.Кынатов.