Суатты қызғанған бегемот мүйізтұмсықты өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рейнджер Стэнли Робертсон (Stanley Robertson)  Клейн Кару аймағында оңтүстікафрикалық қорықтың біріндегі су сиыры (бегемот) мен мүйізтұмсықтың айқасын  видеоға түсіріп алған.

Ролик youtube-те  20 маусымда жарияланды.

 Жазбадан аласұрған бегемоттың мүйізтұмсықты суаттан қумақ болғаны, бірақ оның бұл ескертуге назар аудармағаны көрініп тұр.

Бұдан кейін кадрда тағы бір су сиыры пайда болады, ал ызаланған алғашқысы мүйізтұмсықты суға қуып түсіріп, оны өлтірді. 

«Біз тоғанға мүйізтұмсықтардың су ішкендігін көргелі келген едік. Күн аптап болатын, шамасы бұл жағдай бегемоттың суатты қорғауына негіз болған тәрізді. Әдетте құрғақшылық жылдары бегомоттар өте ашулы болады», -деп мәлім етт Робертсон, мұндай оқиғаның өте сирек кездесетінін еске салып.

Daily Star басылымының жазуынша, бегомоттар жыл сайын Африкада 500-ден астам адамды өлтіреді.