Судан армиясы мен «Жедел қолдау күштері» (RSF) әскерилендірілген құрылымы бейсенбіде түн ортасында аяқталатын атысты тоқтату режимін тағы 72 сағатқа ұзартуға келісті.
Бұған Судан – АҚШ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірліктері, сондай-ақ БҰҰ және Африка аймақтық ұйымдары бойынша «квартет» өкілдерімен жүргізілген келіссөздер әсер етті. Делдалдар ұзағырақ бітім орнату үшін «тараптардың диалогке дайындығын» құптайды, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін «кедергісіз гуманитарлық қол жетімділікті» қамтамасыз етуге шақырады.
Хартумдағы аудандарда атыс жалғасып жатқаны, Чадпен шектесетін Дарфур өңірінде эскалация туралы хабарланды.
Таяуда Египет СІМ қақтығыс басталғалы республиканың 14 мың судандықты қабылдағанын мәлімдеді.
Еске салайық, 15 сәуірде Суданның Ұлттық қорғаныс күштері мен Жедел әрекет ету күштері арасында қарулы қақтығыс басталған болатын.