АСТАНА. KAZINFORM — Суданда Ил-76 әскери жүк ұшағы құлап, экипаждың барлық мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Ил-76 ұшағы техникалық ақау пайда болғаннан кейін Қызыл теңіз жағасындағы Порт-Судан қаласындағы «Осман Дигна» авиабазасына қонуға талпынған кезде құлады», делінген хабарламада.
Дереккөз сондай-ақ экипаждың барлық мүшесі қаза тапқанын нақтылағанымен ұшақ бортында болғандардың нақты санын келтірмеген.
Айта кетейік, АҚШ әуе күштерінің F-16 жойғыш ұшағы Калифорния штатының Сан-Бернардино округінде апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз.
Жасұлан Бақытбекұлы
Жасұлан Сейілханов 1986 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Мамандығы – журналист. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған. Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық газеттерде тілшілік, жетекшілік, басшылық қызмет еткен. Kazinform ХАА шығарушы редакторы.