Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының мәліметінше, судың бекітілген кестеге сәйкес алынуы қатаң бақылауда. Ол үшін каналдардың бас сағасында су өлшенеді.
- Биыл 6 айда 80 тексеру жүргізіп, 391 заң бұзу дерегін анықтадық. Тексеру нәтижесінде 38 нұсқама берілді, - деді инспекция басшысы Зейнулла Қазтоғанов.
Қолға алынған іс-шаралар вегетациялық кезеңде суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қазақстандықтар өңірлердегі судың «қара нарығы» фактілері бойынша анонимді түрде жүгіне алады.