Бұл оқиға Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясы Ухуа округіндегі Шуйчжай орта мектебінде болған. Бұл туралы ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде жазып, мәселе қоғамның қызу талқысына түсті.
Қоғамдық қысымнан кейін жергілікті білім басқармасы тергеу бастады.
Желтоқсанның 23-і күні мектептің барлық сыныптарында өмірдің құндылығы туралы сабақ өткізілген.
Осыдан кейін оқушылар мәжбүрлі түрде қолхатты мақұлдаған.
- Мен өмірді әрқашан бағалаймын және оны құрметтеймін деп уәде беремін. Мен ешбір себеппен өмірімді ешқашан тастамаймын. Керісінше, мен оптимистік көзқарасты сақтау үшін күресуді жалғастырамын және көп жұмыс істеймін. Егер мен өз-өзіме зиян келтірсем немесе өз-өзіме қол жұмсасам, оның мектепке ешқандай қатысы жоқ. Мен, менің ата-анам немесе қамқоршыларым ешбір шығынды талап етпейді, мектептен немесе оның қызметкерлерінен өтемақы талап етпейді, оқу процесін бұзбайды, - делінген хатта.
Басқарма мектептен қолхатты кері қайтарвп алуды талап етті.
- Алдағы уақытта біз аймақтың барлық мектептерін білім беру әдістемесін жетілдіруге және оқушылардың психологиялық жағдайына көбірек көңіл бөлуге итермелеуді жоспарлап отырмыз, - деді басқармадағылар.
Бұл хат желіде сын тудырды.
– Бұл мектеп барлық моральдық шекарадан аттап кетті. Оның әрекеті шектен шықты…Мұндай мәлімдемелер толығымен жойылуы керек. Әйтпесе мектепте адам баласы қалмайды. Мектептің міндеті - өзіне зиян келтіру және суицид сияқты қайғылы оқиғалардың алдын алу, жауапкершілікті мұндай хаттармен ауыстыруға болмайды, - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.
Айта кетейік, түнде Қырғыз-Қытай шекарасында түнде жер сілкінісі тіркелді.