OceanOne роботы Жерорта теңізінде Францияның оңтүстік жағалауынан 32 шақырым жерде суға кеткен XIV Людовиктің бас кемесіне сүңгіді. Кеме сынықтарының арасынан оператор шағын құмыраны тапты. Бұл құмыраны робот себетке салып, су бетіне алып шықты.
OceanOne роботы стереоскопиялық көріністі беретін камерамен және заттарды қармауға мүмкіндік беретін манипуляторлармен жабдықталған. Негізінен робот өздігінше қозғалады. Алайда оператор кез-келген уақытта қолдан басқаруға көше алады.
Құрастырушылардың сөзіне қарағанда, роботтың екі қолының және стереоскопиялық көру қабілетінің болуы қауіпті жағдайларда суңгуірлерді алмастыруға мүмкіндік береді.
OceanOne құрастырушылары роботты теңіз астын бұрғылау жұмыстарына пайдалануды ұсынды. Роботтың адамға ұқсастығы оның сүңгуірлермен бірге жүріп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.