– 2026 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ҚР ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті өткізу бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 59 722 теңге мөлшерінде бекітілсін, – делінген құжатта.
Бұйрық 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған сыйымдылықтарды жер үстінде орналастыруға тыйым салынатынын жазғанбыз.
Сонымен қатар Қазақстанда сұйытылған газды сыртқа шығаруға тыйым тағы алты айға ұзартылды.