Сыбайлас жемқорлық: Ақтөбе облысында аграрлық білім беру орталығының менеджері ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ менеджері ұйымдастырған ұрлықтың қылмыстық схемасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Менеджер өзінің үлестес ЖК мен ЖШС арқылы 30 шаруа қожалығына жайылымдарды суландыру жүйесі үшін күн панельдерін анық жоғары бағамен орнатқан.

Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды.

3 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігін сот анықтайды.

Тергеу мүддесіне сай ө зге ақпарат жария етілмейді.