Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты облыстық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сеңнің көші дәл қазіргі сағаттарда облыс орталығының батыс шетіндегі жылу электр орталығының маңында. Мұздың қалыңдығы 13-15 см. Ол Тасбөгеттегі «Қызылорда су торабынан» 17 шақырым қашықтықта. Ауаның температурасы 8 градус. Су температурасы 0 градус. Елді мекендерге қауіп жоқ», делінген хабарламада.