Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға шұғыл түрде шықты. Жасақ құтқарушыларын көрген әйел кісі суға секіріп кетті. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп, шұғыл түрде жас әйелдің өмірін құтқарып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Содан кейін жас әйелдің толық мәліметтері және тұрғылықты мекен-жайы анықталды. Ол Қармақшы ауданы Жосалы қыстағының тұрғыны болып шықты. Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенуінің себебін полиция қызметкерлері анықтауда.