«Екі ел арасында өзара сауда жақсы дамып келеді. Сонымен қатар, транзиттік әлеует пен мәдени байланыстарымыз жоғары деңгейде. Сондықтан аталған кездесудің Қазақстанның басқа қалаларында емес, нақты Шымкентте өтуі көңілге қонымды», - деді А. Смадияров ведомствода өткен апталық брифингіде.
Осы орайда мемлекет басшылары кездесіп, екі елге қатысты тақырыптарды емін-еркін талқылауы өте маңызды екенін айтты.
«Орталық Азиядағы елдердің басшылары кез келген уақытта кездесіп, бауырлас халықтар ретінде кейбір мәселелерді емін-еркін тақылауы қуантарлық жағдай», - деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді.