«Бүгінгі таңда, өкінішке орай, біздің университеттерде ұстаздардың сапасын көтеруге қаржы да, арнайы бағдарлама да жоқ деп айтуға болады. Сол себепті қазір университет басшылықтарымен осы оқытушылардың сапасын арттыру үшін бағдарлама жасап, қаржы бөлсін деген ұсынысты енгізбекпіз», - деді Т.Балықбаев.
Сонымен қатар вице-министр еліміздегі жоғары оқу орындарына дербестік беру мәселесі қарастырылып жатқандығын атап өтті.
«Әлемдегі университеттердің барлығы әр уақытта да автономиялы болды. Бүгінгі таңда біздегі орталықтандырылған басқару жүйесі жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігіне кішкене болса да кедергі келтіруде», - деді ол.