Сайысқа еліміздің әр өңірінен 105 бала қатысты. Жобаларды еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, І дәрежелі дипломмен 9 жеңімпаз, ІІ дәрежелі дипломмен 15 жүлдегер, ІІІ дәрежелі дипломмен 25 оқушы марапатталды. Сонымен қатар 19 қатысушыға грамоталар табысталды.
Конкурс төрт негізгі бағыт бойынша өткізілді: «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама» және «Таза қала сізден басталады». Әр бағыт аясында оқушылар экологиялық мазмұндағы зерттеу, шығармашылық және практикалық жобаларын ұсынды.
Еске сала кетейік, елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды.