«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялағаннан бері де бір жылдай уақыт өтті. Тиісті заңдар қабылданып, жұмысын бастап кетті. Соның бірі - отыз үшінші қадам, жергілікті полиция қызметін құру. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап, 16 облыс пен 208 ауданда жергілікті полиция қызметтері құрылды. Ең бастысы, жергілікті полицияны құрудағы мақсат - ашықтық, айқындық, сонымен қатар, халық алдында полицияның есеп беруі»,-дей келе ол жергілікті полиция қызметінің басшысы жылына екі рет əкімдіктер мен мəслихат алдында есеп берсе, халық алдында бір рет есеп беретінін еске салды.
«Жергілікті полицияның құрамына учаскелік полиция өкілдері, жол-патрульдік полиция өкілдері, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жəне жасөпірімдер полициясы мен табиғатты қорғау полициясының инспекторлары кіріп отыр. Бүгінгі күнге дейін учаскелік полициялар ел бойынша жеті мыңнан аса кездесу өткізді. Өткен жылмен салыстырғанда, анықталған əкімшілік құқық бұзушылықтардың саны 30 мыңнан артық болды»,-деп атап өтті А.Садубаев.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Мемлекет басшысының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 30 және 31-қадамдарын орындау мақсатында әзірленген.
17:01, 20 Сәуір 2016
Табиғатты қорғау инспекторлары жергілікті полицияның құрамына қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Жарлығымен құрылған жергілікті полицияның құрамына учаскелік полиция, жол-патрульдік полиция өкілдері, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жəне жасөпірімдер ісі жөніндегі инмпекторлар мен табиғатты қорғау полициясының инспекторлары кіріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мəлім етті.