Бас бапкер Есбол Сұлтанов жетекшілік ететін жаттықтырушылар қосыны бекіткен тізімде 19 даянг шебері бар. Назарыңызға толық құрамды ұсынамыз.
Ерлер:
Еркебұлан Еңсегенов (-54 кг)
Жавохирхон Исламов (-58 кг)
Азим Ниязов (-63 кг)
Самирхон Абабакиров (-63 кг)
Сұлтанбек Орынбек (-68 кг)
Эльдар Бірімбай (-74 кг)
Мерген Ғаниев (-80 кг)
Батырхан Төлеуғали (-80 кг)
Мейір Нұрғазин (-87 кг)
Бейбарыс Қабылан ( 87 кг)
Әйелдер:
Айдана Құмартаева (-46 кг)
Нодира Ахмедова (-49 кг)
Азиза Қаражанова (-53 кг)
Айдана Сүндетбай (-53 кг)
Тоғжан Қазынабек (-57 кг)
Камила Аймұқашева (-62 кг)
Аяулым Асқар (-67 кг)
Назым Махмутова ( 73 кг)
Ақсәуле Ерқасымова ( 73 кг)
G4 санатына жататын сары құрлық чемпионатында Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингілік ұпай сарапқа салынады.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінен Азия чемпионаты 2 жылда бір болады. Осыған дейін 2024 жылы жарысты Вьетнамның Дананг қаласы қабылдаған. Ол кезде Қазақстан Мария Севостьянова (-57 кг) қол жеткізген күміс жүлденің арқасында жалпыкомандалық есепте 8-сатыға тұрақтаған.
Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңіне Қазақстан құрамасынан кімдер қатысатыны анықталғанын жазған едік.