Таэквондодан Гран-при кезеңінде ел құрамасынан 30 тамызда кімдер сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — 30 тамызда Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таэквондодан (WT) Гран-при кезеңінің үшінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Үшінші жарыс күнінде қазақстан құрамасынан әйелдер 67, ерлер 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Бұл күні ел намысын Нұрай Хусаинова, Тамерлан Тілеулес, Асқар Өтеген және Жавохирхон Исламов қорғайды.

Жарыс Астана уақытымен таңғы 5:00–де басталады. Қола жүлде үшін жекпе-жектер мен финалдық кездесулер 13:00–ге жоспарланған.

Жарыстың алғашқы күні, 28 тамызда Нодира Ахмедова (49 келі) да үшінші орын иеленген еді.
Халықаралық бәсекеде ширек финалда Батырхан Төлеуғали (80 келі), Абдурохман Марипов (80 келі) пен Нұрай Бауыржанова (49 келі) жарысты ерте аяқтады.

Ал 29 тамызда Дамир Шуленов (68 келі) Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
Бұл күні ел намысын Назым Махмудова, Дамир Шүленов және Нұрбек Газез қорғады.