АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін таласады.
Ол 82 келіден жоғары салмақта финалға жолдама алды. ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда отандасымыз Әзербайжан спортшысы Эльтаж Гафаровты 2:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар дзюдодан Сурдлимпиада ойындарын cәтті бастады.
Камила Аймукашева Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.