«Өкінішке орай, қауіпсіздік талаптарын бұзған 26 баланы ҰБТ тапсырудан шығарып, олардың нәтижелерін бүгін жойдық»,- деді ол.
Т.Балықбаевтың атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігінің арнайы ережесіне сәйкес ҰБТ тапсырғаннан кейінгі күнде апелляцияға беруге болады. Мұндай апелляциялық комиссиялар ҰБТ өткен барлық пункттерде құрылған.
«Соңғы екі-үш күннің нәтижесінде апелляцияға 468 өтініш берілді. Олардың барлығы қарастырылады», - деді вице-министр.