Талдықорғанда 1284 дана вейп сатпақ болған екі жігіт ұсталды

Фото: Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысында жедел іс-шара барысында заңсыз вейп сатпақшы болған екі ер адам ұсталды. 18 және 22 жастағы азаматтардың бірі тауарды жеткізіп беруші, екіншісі сатушы екені анықталды. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 дана вейп тәркілеген.

Фото: Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Фото: Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында онлайн сатылымға шығарылған 8 мың дана вейптің тәркіленгені жөнінде жазғанбыз.

Сондай-ақ, Алматы облысында құны 2 млн теңге болатын вейптер тәркілен болатын.