Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 дана вейп тәркілеген.
Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында онлайн сатылымға шығарылған 8 мың дана вейптің тәркіленгені жөнінде жазғанбыз.
Сондай-ақ, Алматы облысында құны 2 млн теңге болатын вейптер тәркілен болатын.