Баланың саусақтары күйіп қалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, ол ауруханада жатыр.
Терминалға қол тигізгенде ток ұрған сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.
Банк өкілдері баланың емделуіне қажетті барлық көмек көрсетіліп жатқанын, оның отбасымен байланыста екенін, мамандар оқиға себептерін тексеріп жатқанын мәлімдеді.
Еске саламыз, бұған дейін Қызылордада мұздатқыш камераға қол тигізгеннен кейін ток соғып қайтыс болған баланың отбасы тергеудің баяу жүргізілуіне наразылық білдірген болатын.
Ал, Ресейдің Иркутск облысында селфи жасамақ болған жасөспірімді тоқ ұрып, ауруханаға түскен болатын.