Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды

Фото: Фото: видеодан алынған скрин

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы басталды.

Сот отырысын тікелей эфирде Жоғары соттың Youtube арнасынан көруге болады. 

Өткен сот отырысында куәгерлерден жауап алу аяқталды. Одан кейін судья Ержан Жанұзақов айыпталушы Дархан Әскентайдан жауап алды

Сотталушы өзіне тағылған айыппен тағы да келіспеді

Сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді. Бірақ судья прокурорды ауыстырудан бас тартты.

Сонымен қатар сотта дүкен камерасына түскен оқиғаның толық бейнежазбасы көрсетілді.

Алғашқы сот отырысында прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.

Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзаттың ағасының денесі табылды