Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
— Жол апатынан бір адам қаза тапты. Тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді, — деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және қиылыстардан өту кезінде барынша мұқият болуға, қарсы бағыттағы көлікке жол беруге және жылдамдықты қауіпсіз деңгейде таңдауға шақырды.
Бұған дейін Павлодар облысында болған жол апатынан бір бала қаза тауып, үш бала мен ер адам және әйел ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.