Газбен атылатын травматикалық пистолет сараптамаға жіберілген. Болжам бойынша, ұстауға рұқсат етілмеген қару бұған дейін ұрланған тапанша болуы мүмкін.
Сондай-ақ өткен екі тәулік аралығында жетісулық полицейлер заңсыз айналымда жүрген тағы екі суық қару түрін анықтаған. Отқару облыс орталығына жақын аудандардан табылған Қазір тәркіленген қару-жарақ арнайы сараптамаға жіберіліп, қылмыстық оқиғаларға қатысының бар-жоқтығы анықталу үстіне екен.
Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының аумағынан 56 бірлік суық қару түрі табылып, тәркіленген.