«8 қыркүйек күні таңертең пойыз бен ВАЗ-2109 көлігі соқтығысты. Аталған факті Ескелді ауданында тіркелді. Анықталғандай, жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі локомотивтің таянып қалғанына қарамастан, теміржол өткелінен жылдам өтіп кетпек болған. Автокөлікті пойыз 15-20 метр жерге сүйреген. Көлік салонында болған үш адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция мәліметінде.
Фото: polisia.kz