Талдықорғанда ер адам септикке құлап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 58 жастағы тұрғын екі метрлік септикке құлап кетіп, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 3 қыркүйек күні кешкі сағат алты жарым шамасында болған.

«Шақыру орнына дереу жедел-құтқару жасағының жеке құрамы, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері де жіберілді. 18 сағат 45 минутта ер адам тереңдігі 2 метрге жуық септиктен шығарылып, жедел жәрдем бригадасына денсаулығын тексеру үшін табысталды. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, септик-резервуар фанерамен жабылған. Ер адамның салмағының ауырлығынан фанера жарылып кеткен. Ол аздаған жарақат алды», - делінген Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

1954 жылы туған ер адамды құтқаруға ТЖД-ден 5 құтқарушы, 1 техника және 1 жедел медициналық жәрдем бригадасының мамандары қатысты.