Травматикалық қарудан оқ тиіп, иығы жараланып, жергілікті ойын-сауық кешендерінің бірінен Талдықорған ауруханасына 32 жастағы күзетші түсті.
Жәбірленуші ойын-сауық кешеніне келгендердің мас күйінде бұзақылық әрекеттерінің жолын кесу кезінде зардап шеккен. Олар «Стражник» травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Қарудың тұтқасы заттай айғақ ретінде іс материалдарына қосылды.
«Жедел іздеу шаралары барысында 22 жастағы Талдықорған тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Факті бойынша ҚР ҚК 293-бабында («Қару қолдана отырып, бұзақылық жасау») көзделген қылмыстық өндіріс қозғалды», - деп нақтылады баспасөз қызметінде.