Өртенген аумақ 60 шаршы метр. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің уақытылы жетіп, жылдам әрекет етуінің арқасында тілсіз жау ауыздықталып, сауда орталығының өзге бөлігіне тарап кетуіне жол бермеді.
Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, оқиға орнында бір адам зардап шеккен. Әйел азаматшаның беті мен қолын күйік шалып, жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кеткен. Алдын-ала болжам бойынша өрт бауырсақ қуырып, тауық етін қақтап сататын дүңгіршекте тұтанған. Шығын көлемін арнайы комиссия анықтамақ.