2002 жылғы бойжеткен жедел жәрдем көлігімен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Студент емдеу мекемесінде есін жимастан көз жұмды.
Қазіргі таңда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері куәгерлерден оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 2 бөлігі яғни өзіне қол жұмсауға итермелеу бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше толық ақпарат тергеу жұмыстары аяқталғанда белгілі болмақ.