Талғарда әкімдіктің алдында көбік толы ваннаның ішінде жатқан жігіт 15 күнге қамалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Талғарда жас жігіт көбік толған ваннаны әкімдіктің алдында әкеліп қойып, ішінде компот ішіп жатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысы Талғар аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Ә-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол 2 ақпан күні сағат 20:00 шамасында Талғар қаласы Қонаев көшесінде аудандық әкімдіктің алдында, жаяу жүргінші өткелінің ортасына көбік толған ваннаны қойып, ішінде компот ішіп жатқан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.