ҚР ҚК 345 бабы яғни, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша іс тергеліп жатыр, деді А.Мырзекова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 1 күні Талғар қаласында жол-патрульдік полициясының көлігімен полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. 17 жастағы ер бала жедел түрде ауруханаға жеткізілген болатын.