Тамирлан Тілеулес Гран-при сериясының финалындағы алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионына жол берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 58 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионы, ирандық Аболфазл Зандимен күш сынасты.

Екі раундтың қорытындысы бойынша Иран өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос таеквондошы бұған дейін 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында кездескен болатын. Сол жекпе-жекте Тамирлан Тілеулес жеңіске жетіп, нәтижесінде Азия ойындарының чемпионы атанған еді.

Айта кетелік Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-при додасын күміс медальмен аяқтаған еді.