Тамыздың басында солтүстікте салқындап, оңтүстікте 44 градусқа дейін ыстық болады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 31 шілде 1 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республика бойынша найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында Иран аудандарынан құрғақ ауа массаларының әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, елдің басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі біртіндеп көтеріледі.

Батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте қатты ыстықтан кейін 1 тамызда ауа температурасы күндіз 25-35 жылыға дейін төмендесе, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста термометрлердің бағаналары 33-41 градус, оңтүстікте 35-44 градусқа жетеді.

Айта кетелік Батыс Қазақстанда орманға кіруге тыйым салынған еді