Батыс Қазақстанда орманға кіруге тыйым салынды
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде өңірде жоғары өрт қаупі кезеңінде арнайы шектеулер күшіне енді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күн сайын сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін жеке тұлғалардың орманға баруына және демалуына, сондай-ақ көлік құралдарының тоғай ішіне кіруіне қатаң тыйым салынады.
Құжатқа сәйкес бұл талап ауа райы толық тұрақталғанға дейін, яғни температура төмендегенше сақталады.
- Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған және әкімдік қаулысының талаптарын елемеген азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - делінген ресми мәліметте.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында саяжайлар жарықсыз қалғанын жазған едік.
Сондай-ақ Орал қаласында Хан тоғайы отқа оранды.
Оралда қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр.
Оралда төтенше жағдай жарияланды.