Тамыз конференциясы: инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері бар
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесі қолжетімді және инклюзивті болуы керегін атап өткен болатын. Биыл Ы. Алтынсарин атындағы академия психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыс жалғасын табады», - деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.
Басқосу барысында инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, мұғалімдерді әдістемелік қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, аймақтық деңгейде инклюзивті білім беру жұмысын үйлестіру, инклюзивті тәжірибені дамыту жағдайында барлық оқушы үшін қолайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер көтерілді.
Еске салсақ, Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз конференциясы басталды. Форум 19 тамызға дейін жалғасады және дәл осы күні қорытынды пленарлық отырыс өтеді.