Танымал боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Фото: Фото: sportrbc.ru

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоуды ұйымдастырушылар ММА ұйымындағы әйгілі файтер Федор Емельяненконы Қазақстанға «Темір Майкқа» қарсылас ретінде шақыруды жоспарлап отыр. 

— Біздің жоспарларымызға Майк Тайсон мен Федор Емельяненконың жекпе-жегін ұйымдастыру кіреді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. Майк Тайсонды шақырғымыз келетін турнирді желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, - деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев. 

Майк Тайсоның спорттық мансабында 50 жеңіс (44 нокаутпен) және 7 жеңіліс бар. Былтыр ол қарсыласы Джейк Полдан бірауыздан жеңіліп қалған болатын. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бұған дейін қазақстандық 22 жасқа дейінгі 9 боксшы Азия чемпионы болғанын жазған едік.