Қазақстандық 22 жасқа дейінгі 9 боксшы Азия чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Шри-Ланка астанасы Коломбода өтіп жатқан Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгі қыздар арасында қазақстандық 9 боксшы алтын алды.

Ел құрамасынан Элина Базарова (54 келі), Виктория Байдукова (57 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Жібек Жарасқызы (81 келі), Әсел Тоқтасын (81 келіден жоғары) чемпиондық тұғырға көтерілді.
Ал Ақбота Болат (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (50 келі) және Томирис Мырзақұл (52 келі) күміс жүлдегер болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның құрамасы барлық салмақта жеңімпаз атанды.
Ал 19 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында еліміздің ұлдар құрамасы 10 алтын медаль жеңіп алды.