23 мамыр күні «Арман 3D Азия Парк Астана» кинотеатрындағы гала-кештен кейін Бурак Озчивит «Қазақстан» телеарнасының түсірілім алаңына келіп, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» танымал түнгі шоуының қонағы болады. Актердің қатысуымен өткен бағдарлама «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 26 мамыр күні сағат 23.30-да шығады.
Бурак - танымал актер, бұдан бұрын модель болған. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» атты сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The World» сайысында жүлделі екінші орынды иеленеді. Шығармашылық жолының басында Бурак Еуропаның танымал брендтерін жарнамалады. 2014 жылы Стамбул қаласында өзінің «Balibey Döner» атты жеке мейрамханасын ашты.