Осы оқиғадан кейін күдікті бірден «ізін суытқан». Шабуылдаушыға бірден іздеу салынды.
Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысының ПД қызметкерлері жұмылдырылды.
«Күзет патрульдері сағат 06:00 шамасында Семей қаласына кірер жолдағы «Ертіс» бақылау пунктінде Тоүота автокөлігінің салонында жолаушы ретінде отырған күдіктіні байқаған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, жақын арада елордалық әріптестерге тапсырылады» - делінген хабарламада.