«Тараз» футболдан ел біріншілігінде «Ақсудан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің жетінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы соңғы ойында «Тараз» сырт алаңда Павлодар облысының «Ақсу» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында тараздық клубтан Жорже Дос Сантос 9-минутта есеп ашса, алаң иелерінен Асланбек Кәкімов 55-минутта таразы басын теңестірді. Жеңіс голын 93-минутта тараздық Бауыржан Байтана соқты.

Еске салсақ, өз алаңында алматылық «Қайрат» Түркістанның «Тұран», Қарағандының «Шахтері» Оралдың «Ақжайығына» 0:1 есебімен жол берді.

Өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубы Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1, «Ақтөбе» Түркістан облысының «Мақтаралын» 1:0 есебімен жеңді.

Еске салсақ, 22 сәуірде елордалық «Астана» Ақтаудың «Каспийінен» 4:0 есебімен басым түссе, қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда «Атыраудан» 1:2 еесбімен жеңілді.

Енді сегізінші тур ойындары 26 және 27 сәуір күндері өткізіледі.