Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектескен.
Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 кг 604 грамм кептірілген үнді сортты марихуана тәркіленді.
«Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.